15.04.2026 күні №98 «Мирас» балабақшасында біздің балабақша «Абай аманаты» жобасы аясында 3 жыл бойы нәтижелі жұмыс атқарды. Биыл - жобаның қорытынды жылы.
Республикалық семинар барысында балабақшамыз өз тәжірибесімен бөлісіп, мазмұнды жұмыстарын таныстырды. Балабақшамыздың «Ақбота» мектепалды тобы «Құмырсқа мен шегіртке» мысалын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Балалардың өнері, сахна мәдениеті мен шығармашылығы жоғары деңгейде көрініс тапты.
Жетекшілері:
Топ тәрбиешісі – Есмағамбет А.Қ.
Музыка жетекшісі – Ержанова Ш.М.
Сонымен қатар, балабақша әдіскері Каратаева А.Б. «Абайды оқы, таңырқа!» тақырыбында лэпбук ойын құралын таныстырып, шебер сынып өткізді. Шара барысында лэпбук арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту және Абай Құнанбайұлы мұрасын қызықты форматта насихаттау жолдары көрсетілді.
Бұл семинар тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік болды. Еңбектеріміз жемісті, жетістіктеріміз мол болсын!