Меню

Нуржанова Жаркын Нагметуловна


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Блогқа өту

Біз туралы

1964 жылы №28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы өз есігін ашты.

Осы жылдар ішінде балабақшаның педагогикалық құрамы тәрбиеленушілерді сапалы біліммен қамтамасыз етуге тырысты. Балабақша жұмысының ұзақ жылдарында педагогтар өздерінің жеке және кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп, балаларды тәрбиелеп келді.

  • Толығырақ

    Әрбір мемлекеттің болашағы балабақшадан басталады. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, дені сау, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды рөл болып табылатыны анық. Ел тізгінін ұстар сондай бөбектерді тәрбиелеуде орны ерекше мекемелердің бірі Нұр – Сұлтан қаласындағы №28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы. Бүгінде бұл балабақшада бүлдіршіндер тек мектепке дейінгі білім мен тәрбиені ғана алмай, салауатты өмір салтын ұстана отырып, болашақ ұрпағымыздың денсаулығына аса көңіл аударылады.

    Астана қаласы әкімдігінің «№28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1964 жылдың сәуір айынан бастап үздіксіз жұмыс істейді. Санаториялық балабақшаға балалар ең алдымен, белгілі бір уақыт аралығанда денсаулығын қалпына келтіру үшін арнайы дәрігердің жолдамасы арқылы келеді. Балабақшаның сыйымдылығы 120 балаға арналған. Қазіргі уақытта балабақшада бес топ бар, оның біреуі орыс, төртеуі қазақ топтары. Балабақшаға балалар 2 жас пен 5 жас аралығына дейін қабылданады. Осы мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушілерге денсаулықтарын нығайту үшін, барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

    Біз өз жұмысымызда жаңа әдістер мен бағдарламаларды қолданамыз, оларды енгізу балалалардың интеллектуалды, адамгершілік, эстетикалық, физикалық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда балабақшамыз балалардың толыққанды білім алуына, дамуы мен денсаулығына қажетті барлық құралдармен жабдықталған.

    № 28 «Жұлдыз» балабақшасының педагогикалық ұжымының негізгі міндеті отбасымен ынтымақтастықта болу, ата-аналар мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы кері байланыс орнату. Ата-аналарымызды мектепке дейінгі тәрбиенің, оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленген бағдарламасымен, балабақшамыздың жетістіктерімен, жеңістері мен марапаттарымен таныстырып тығыз байланыста болу.

Жаңалықтар

28 сәуір 2026, 11:25

«Ана тілім - тірегім!»

Астана қаласы әкімдігінің №28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасында «Ана тілім - тірегім!» атты Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арнап ертеңгілік өткізілді.

23 сәуір 2026, 17:10

«Әр ойыншықтың өз орны бар»

«Бастау» ортаңғы топ.

23 сәуір 2026, 12:14

«Арман» ортаңғы топ

«Қалдықтан құндылыққа» аясында «Арман» ортаңғы топ тәрбиеленушілері қалдық заттардан ата-аналарымен түрлі заттар жасап, шығармашылық қабілеттерін танытты.

21 сәуір 2026, 17:49

«Қалдықтан құндылыққа»

«Қалдықтан құндылыққа» аясында «Бастау» ортаңғы топ тәрбиеленушілері қалдық заттардан ата- аналарымен түрлі заттар жасап, шығармашылық қабілеттерін танытты.

21 сәуір 2026, 17:43

«Қалдықтан құндылыққа»

«Аққу» кіші топ. Каратаев Азиз.

21 сәуір 2026, 17:40

«Аққу» кіші топ

«Қалдықтан құндылыққа» аясында «Аққу» кіші топ тәрбиеленушілері қалдықтардан балыққа аквариум жасап, шығармашылық қабілеттерін танытты.

21 сәуір 2026, 17:38

«Ақбота» мектепалды топ

«Қалдықтан құндылыққа» аясында «Ақбота» мектепалды топ тәрбиеленушілері қалдық заттардан ата- аналарымен түрлі заттар жасап, шығармашылық қабілеттерін танытты.

21 сәуір 2026, 17:22

«Қоқысты сұрыптау» челленджі

«Арман» ортаңғы топ. Ахметқали Анеля және Ахметқали Аделя.

Пайдалы ресурстар

rnmc.kz - Электронды балабақша

rnmc.kz - Республикалық ғылыми-әдістемелік даму орталығы

azbyka.kz - Международный образовательный портал «Азбука.kz»

kaz-tili.kz - Қазақ тілін үйрену (грамматика)

matematik.kz - Математиктер сайты қазақ тілінде

univision.kz - Қазақстандағы университеттер мен институттарға шолу

kursovik.kz - Ғылыми және курстық жұмыстардың кәсіби дерекқоры

postupionline.com - Шетелде оқу

bolashak.kz - «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім беру

gov.kz/memleket/entities/edu - ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 «Жұлдыз»
санаториялық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
{ignore} {/ignore}