Балабақшамызда Отбасы апталығына орай ата-аналармен мазмұнды әрі жылы сұхбат ұйымдастырылды.
Сұхбат барысында ата-аналар отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы, отбасылық құндылықтар, балаға көңіл бөлу мен қолдау көрсету туралы өз ойларымен бөлісті.
Отбасы - баланың алғашқы тәрбие мектебі.
Отбасы - мейірім мен сүйіспеншіліктің бастауы.
Ал бала мен ата-ана арасындағы сенім - берік отбасының негізі.
Осындай кездесулер ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесінде бірлесіп әрекет етудің маңызын арттырады.
Отбасы - әр жүрекке жылу сыйлайтын қасиетті мекен!