Бүгін балабақшамызда отбасы аптада ғына байланысты, ересек топтар арасында ата-аналар мен балалардың қатысуымен көңілді эстафеталық ойындар ұйымдастырылды!
Спорттық сайыс барысында қатысушылар түрлі қызықты эстафеталарға қатысып, шапшаңдық, ептілік, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Балалар ата-аналарымен бірге жарысып, ерекше қуанышқа бөленсе, ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мұндай іс-шаралар – отбасылық құндылықтарды нығайтып, ата-ана мен бала арасындағы байланысты арттырудың тамаша мүмкіндігі.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен тамаша көңіл-күйлері үшін алғысымызды білдіреміз!
Бірге ойнаймыз – бірге күлеміз – бірге жеңіске жетеміз!