«Аққу» кіші тобы 18 Наурыз - Ұлттық киім күнімен қаттар ұлттық тағамдарды таныстырды.
18 наурыз – Ұлттық киім күні, бұл Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық мәдениетті, дәстүр мен бірегейлікті дәріптеуге арналған ерекше күн. Бұл күні қазақтың ою-өрнекті шапандары, қамзолдары мен бас киімдері киіліп, мәдени мұраны ұлықтау мақсатында шаралар мен шерулер ұйымдастырылады.
Қазақтың ұлттық тағамдары – негізінен ет (бесбармақ, қуырдақ, қазы), сүт өнімдері (қымыз, шұбат, құрт, қаймақ) және ұннан жасалған (бауырсақ, шелпек) дәмдерге бай, тойымды әрі емдік қасиеті бар ас мәзірі. Тағамдар көшпелі өмір салтына сай, мал өнімдерін ұзақ сақтауға және тез дайындауға негізделген.