2026 жылы наурыз айының 13 күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ бірлесе отырып Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» өңірлік ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңін №69 «Еркемай» және №93 «Айгөлек» балабақшаларында өткізді.
Мақсаты: қарапайым ереже арқылы балаларға есептің амалдарын меңгертіп, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып олардың бойында сабырлық, шапшаң есептеу мен үнемдеушілік қасиеттерін қалыптастыру.
Жарыстың аудандық кезеңіне жалпы 64 тәрбиеленуші қатысты.
Төрешілердің шешімімен келесі жүлделі орындар анықталды.
Байқоныр ауданы бойынша:
І орын - №1 «Бәйтерек» Б
ІІ орын - №17 «Ер-Төстік» Б, №28 «Жұлдыз» Б
ІІІ орын - №18 «Аяжан» Б, №16 «Шағала» Б
Біздің балабақша атынан қатысқан «Ақбота» мектепалды топ тәрбиеленушісі Жеңісбек Раянаны құттықтаймыз.
Жетекші: Есмағамбет А. Қ.