«200 МЕКТЕП & БАЛАБАҚША - 4000 ӘКЕ» челленджі аясында 21 ақпан күні сағат 10.00–12.00 аралығында балабақшамыз аумағында қар тазалау акциясы өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – әкелерді білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне белсенді тарту, балабақша мен отбасы арасындағы серіктестікті нығайту және ұжымдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Осы игі бастамаға белсене қатысып, қолдарына күрек алып, уақыт бөліп келген ардақты әкелерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңыз – балаларымызға үлгі, ортақ ісімізге үлкен демеу.
Сондай-ақ ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан балабақша ұжымына да ризашылығымызды білдіреміз. Бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта берсін!
Осындай ортақ еңбектің арқасында балабақшамыздың ауласы тазарып қана қоймай, ата-ана мен ұжым арасындағы байланыс та нығая түсті.
Бірге болсақ – біз күштіміз!