Меню

Нуржанова Жаркын Нагметуловна


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Блогқа өту

«Абай әлеміндегі құндылықтар арқылы бала бойында ұлттық рухты қалыптастыру»

10 желтоқсанда №18 «Аяжан» балабақшасында «Абай әлеміндегі құндылықтар арқылы бала бойында ұлттық рухты қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылып, №12 «Қарлығаш», №28 «Жұлдыз» балабақшаларының тәрбиеленушілері де өз өнерлерімен бөлісті. Сондай ақ, педагогтердің шығармашылық қойылымдары да көпшілікке ұсынылды.

Абайдың аудармалары «Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа» мысалдарын да бүлдіршіндер сахналады.

Құнанбайдың ұлы сапарға аттанар алдындағы Абайға айтқан ақылы әкелердің орындауында қойылды.

Зияткерлік ойын бөлімінде мектепалды топ бүлдіршіндері өз балабақшасының намысын қорғап, біліммен сынасты.

Заманауи залдан Абай аулына қонаққа барғандардың эмоциясында шек болмады.

Семинар соңы келушілердің ыстық ықылас, жылы пікірлерімен қорытындалып, Абай мұрасы балабақшаларда да өз деңгейінде дәріптеліп жатқаны көрінді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от N12 "Қарлығаш" МКҚК балабақшасы (@qarlygash_12)

Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 «Жұлдыз»
санаториялық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
{ignore} {/ignore}