Балабақшамызда балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Үйдегі, ауладағы және балабақшадағы қауіпсіздік» тақырыбында үндескен оқу қызметі өткізілді.
Іс-шара барысында бүлдіршіндермен қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, қызықты дидактикалық ойындар ойнатылды. Балалар ойын арқылы түрлі жағдайларда өздерін қалай ұстау керектігін үйренді.
Сонымен қатар, «Бала қауіпсіздігі біздің басты мақсатымыз» тақырыбындағы театрландырылған қойылым көрсетіліп, балалар ерекше қызығушылықпен тамашалады.
Бала қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Балалардың амандығы мен қауіпсіз болашағы үшін бірге әрекет етейік!