Балалар әртүрлі ұлттардың мәдениетімен танысып, достық пен татулықтың маңызын түсінді. Әсем әндер шырқалып, билер биленіп, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Біздің мақсатымыз – жас ұрпақтың бойына достықты, сыйластықты, бірлік пен ынтымақты сіңіру. Өйткені еліміздің ең басты байлығы – халықтар арасындағы татулық пен келісім.