«Жұлдыз» ересек тобында «Қауіпсіз терезе – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер терезе маңындағы қауіпсіздік ережелерімен танысып, өмірде кездесуі мүмкін қауіпті жағдайларды талқылады. Жағдаяттық тапсырмалар, сұрақ-жауап және танымдық ойындар арқылы балалар терезеге шығуға, терезе алдына ойнауға болмайтынын және қауіпті жағдайда міндетті түрде ересектерден көмек сұрау керектігін меңгерді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ата-аналардың назарын бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аудару.
Әр баланың қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз!