«Аққу» кіші тобының тәрбиеленушілері «Жүректен – қауіпсіздікке!» челленджіне қатысып, ата-аналарға жүрекжарды үндеу жолдады.
Балалар өздерінің жылы лебіздері мен жүрек пішіндері арқылы: «Анашым, әкешім, мені қараусыз қалдырмаңыздар!», «Терезені ашық қалдырмаңыздар!», «Менің қауіпсіздігім – сіздердің қамқорлықтарыңыз!» деген маңызды ойларды жеткізді.
Челлендждің басты мақсаты - ата-аналардың назарын балалардың қауіпсіздігіне аудару, тұрмыстық қауіптердің алдын алу және әрбір бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығын қорғауға шақыру.
Баланың қауіпсіздігі - ата-ананың басты жауапкершілігі!