Меню

Нуржанова Жаркын Нагметуловна


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Блогқа өту

«Қауіпсіздік сіздің қолыңызда» челленджі

«Бастау» және «Арман» ортаңғы топтарының тәрбиеленушілері «Қауіпсіздік сіздің қолыңызда» атты шығармашылық челленджіне қатысты.

Челлендж барысында балалар алақан іздерімен суреттер салып, өз шығармашылықтары арқылы қауіпсіздіктің маңызын бейнеледі. Сондай-ақ олар ата-аналарға арнап: «Мені қараусыз қалдырмаңыздар!», «Терезе жанында жалғыз қалдырмаңыздар!», «Жолда абай болайық!», «Қауіпсіздік ережелерін бірге сақтайық!» деген үндеулерін жеткізді.

Іс-шараның мақсаты - балалардың қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру, ата-аналардың назарын бала қауіпсіздігіне аудару және отбасы мен балабақшаның ортақ жауапкершілігін насихаттау.

Баланың қауіпсіздігі - бәріміздің қолымызда! 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана қаласы әкімдігі № 28 “Жұлдыз” балабақшасы КММ (@28zhuldyz)

Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 «Жұлдыз»
санаториялық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
{ignore} {/ignore}