Соңғы уақытта балалардың терезеден құлау жағдайлары жиі тіркелуде. Әсіресе, 3 пен 5 жас аралығындағы балалар үшін бұл қауіпті кезең. Жыл сайын ауа райының жылынуымен мұндай оқиғалар саны арта түседі. Осы уақытта ата-аналар балаларына ерекше назар аударып, оларды ашық терезелерден алыстатып, бөлмеде жалғыз қалдырмауы керек. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.
Ата-аналарға кеңес:
• Ашық терезе бар бөлмеде баланы жалғыз қалдырмаңыз.
• Жиһаздарды терезеден алыс қойыңыз, бала оның үстіне шығуға тырыспасын.
• Терезелерде арнайы құлыптар мен шектеу құрылғыларын қолданыңыз.
• Москит торы құлаудан қорғамайтынын есте сақтаңыз.
Қарапайым ережелер балаларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.