2026 жылғы 1 шілде күні балабақшамызда Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай тәрбиелік маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндерімізге «Конституция - еліміздің басты заңы» тақырыбында танымдық әңгіме өткізіліп, балаларға Отанды сүю, заңды құрметтеу, өз құқықтары мен міндеттері туралы жас ерекшеліктеріне сай түсінік берілді.
Балалар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, «Менің Отаным - Қазақстан», «Бақытты балалық шақ» тақырыптарында сурет салып, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін бейнеледі. Сонымен қатар патриоттық әндер шырқалып, көңілді флешмоб ұйымдастырылып, дидактикалық ойындар арқылы балалардың азаматтық құндылықтар туралы түсініктері кеңейтілді.
Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елге деген құрмет, заңға бағыну мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік қасиеттері қалыптасады.
Конституция – тәуелсіз еліміздің тірегі, ал заңды құрметтеу - әр азаматтың міндеті!