Бұл күн - өмірден көргені мен түйгені мол, ақылын айтып, батасын беріп жүрген ардақты ақсақалдарымыз бен аяулы әжелерімізге деген құрметімізді білдіретін ерекше күн.
Қариясы бар үйдің - берекесі бар.
Үлкендердің әрбір сөзі - өнеге, әрбір батасы - бізге үлкен күш.
Ардақты қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!
Әрдайым ортамызда аман-есен жүріп, ұрпақтарыңыздың қызығын көре беріңіздер!
Қарттарымызды қадірлейік, батасын алайық!