Балабақшамыздың білікті тәрбиешісі Арай Аманбаевна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды!
Бұл – ұстаз еңбегіне берілген үлкен баға, маңдай тер мен адал қызметтің жемісі.
22 жылдық педагогикалық еңбек өтілі, оның ішінде 21 жылын осы балабақшаға арнап, талай бүлдіршіннің жүрегіне жол тапқан Арай Аманбаевна бүгінде педагог-зерттеуші ретінде кәсіби ізденісін абыроймен жалғастырып келеді.
Баланың жүрегіне жылу сыйлап, әр тәрбиеленушісінің бойына білім мен ізгіліктің дәнін себу – үлкен жүректі ұстаздың басты миссиясы.
Арай Аманбаевна, еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз үстем болсын!
Бұл марапат – ұзақ жылғы еңбегіңіздің лайықты жемісі.
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер және шәкірттеріңіздің ыстық ықыласы серік болсын!
Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын!