Бүгін «Ақбота» ересек топ тәрбиеленушілерімен «Су - тіршілік көзі» тақырыбында қызықты эксперименттік ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Сабақ барысында балалар судың қасиеттерімен танысып, түрлі тәжірибелер жасау арқылы судың маңызын түсінді. Су туралы қызықты сұрақтарға жауап беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Балалар судың адамға, жануарларға және өсімдіктерге тіршілік үшін қажет екенін білді. Сонымен қатар суды үнемдеу, таза ұстау және табиғатты қорғау керектігі туралы түсініктерін кеңейтті.
Эксперименттік сабақ балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Суды бағалайық, әрбір тамшыны аялайық! Өйткені су - тіршіліктің бастауы!