«Бастау» ортаңғы тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен бірлескен жұмысы аясында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында игі бастама жүзеге асырылуда.
Ата-аналар үй жағдайында кітап бұрышын ұйымдастырып, балаларға ұйықтар алдында ертегі оқуды дәстүрге айналдыруда. Бұл - баланың сөздік қорын молайтып, қиялын дамытып, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал ететін маңызды қадам.
«Кітап оқитын ұлт» идеясын дәріптеп, кітаптың бала тәрбиесіндегі маңызын арттыру - баршамызға ортақ міндет.
Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Кітап - білімнің кілті, рухани қазына! Балаға кітап оқып беру - оның жарқын болашағына жасалған инвестиция!
Каратаев Азиз
Кахарман Фатима
Бақыт Наима
Жасыұзақ Айсулу
Тлебалдин Нариман