Біздің балабақшамыздың «Аққу» кіші тобында алтын күз мерекесі ерекше көңіл күймен аталып өтті!
Мереке барысында бүлдіршіндер күздің керемет көріністерімен танысып, әсем ән айтып, көңілді билер биледі.
Күз - береке мен молшылықтың, байлық пен ырыстың мезгілі. Балалардың жүзіндегі күлкі мен шаттық мерекемізге ерекше сән берді
Алтын күз әр шаңыраққа қуаныш, молшылық пен береке әкелсін!