«Ақбота» Ересек топта «Ұлттық құндылық - ұлт қазынасы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекеттің мақсаты - балаларға халқымыздың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының мәдениеті мен өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-әрекет барысында балалар қазақтың ұлттық киімдерімен, әшекей бұйымдарымен, ұлттық ою-өрнектерімен танысып, халқымыздың бай мәдени мұрасы туралы білімдерін толықтырды. Ұлттық құндылықтарымыздың маңызын түсініп, өз ұлтының тарихы мен дәстүріне деген қызығушылықтарын арттырды.
Ұлттық тәрбие - ұрпақ болашағының негізі. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ұрпақ - ел ертеңі, ұлт мақтанышы!
Ұлттық мұрамыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!